{metadescription}
Бас әскери прокуратура әскерилер арасындағы суицид мәселесіне қатысты түсінік берді

Бас әскери прокуратура әскерилер арасындағы суицид мәселесіне қатысты түсінік берді

Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев еліміздегі әскерилер арасындағы суицид мәселесіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылдан бастап 270 әскери қызметші қайтыс болды: 2020 жылы – 78 әскери қызметші, 2021 жылы – 96, 2022 жылы – 85, 2023 жылы – 11. Өлім жағдайларының ең көп тараған себептеріне тоқталсақ, ауырып қайтыс болу – 36%, көлік апатының салдары – 24%, суицид – 20%. Алайда өз-өзіне қол салу жағдайы бәрімізді алаңдатып отыр. Суицид профилактикасын талдау нәтижесі әскеріміздің қоғамның бір бөлігі ретінде жағымсыз жағдайға тәуекелі барын көрсетті», - деді М. Қазиев Сенатта әскери қызметшілердің денсаулығына қатысты мәселені талқалау кезінде.

Оның айтуынша, түрлі мәліметтерге сәйкес, халық арасындағы суицид деңгейі бойынша Қазақстан әлем елдері арасында 20-орында, ал жасөспірімдер арасында үштікке кіреді.

«Құқықтық статистика комитетінің мәліметінше, 2018-2022 жылдары елде 17 631 суицид және 21 332 өзіне қол салуға оқталу жағдайы тіркелген, яғни 10 000 азаматқа шаққанда 9 суицид және 11 өз-өзіне қол салуға талпыну әрекеті тіркеліп отыр. Олардың арасында 86 суицид және өзіне қол салуға оқталудың 20 дерегі әскерде болған. Яғни 10 мың әскери қызметшіге шаққанда 6 суицид және 1 өз-өзіне қол салуға оқталу әрекетінен келеді. Демек, қоғамдағы өз-өзіне қол салу көбінесе әскерде болады деген пікір ресми мәліметтермен расталмай отыр. Бұл ретте денсаулықты қорғау мен профилактикасы бойынша уәкілетті орган Денсаулық сақтау министрлігі екенін атап өткен жөн», - деді Мақсат Қазиев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде