{metadescription}
Алматыда көліктерге Райымбек даңғылындағы автобус жолағымен жүруге рұқсат берілді

Алматыда көліктерге Райымбек даңғылындағы автобус жолағымен жүруге рұқсат берілді

Алматыда жүргізушілерге Райымбек даңғылындағы автобус жолағы арқылы өтуге рұқсат етіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық мобилділік басқармасының мәліметінше, 19 сәуірден бастап жүргізушілерге Райымбек даңғылы бойынша Саин көшесінен Яссауи көшесіне дейін жұмыс күндері сағат 20:00-ден 06:30-ға дейін қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақтармен жүруге рұқсат етіледі. 

Демалыс және мереке күндері осы учаскеде барлық автомобильдер уақыт шектеуінсіз жүре алады. 

«Көлік қозғалысына осы жаңалықтың енгізілуі қала ішіндегі автомобиль легін тиімді құру үшін, сондай-ақ қарбалас кезде және демалыс күндері арнайы бөлінген автобус жолақтарын пайдалану мәселесін шешу үшін тестілік режимде енгізілетін болады. Бөлінген жолақтар бойынша көлік құралдарының қозғалысын өзгерту 2023 жылдың соңына дейін күшінде болады. Содан соң салыстырмалы деректер негізінде көлік легін ұйымдастыру туралы шешім қабылданады. Жүргізушілер белгіленген жол белгілерін басшылыққа алып, ҚР Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтаулары тиіс»,- деп хабарлады Алматы қалалық мобилділік басқармасының баспасөз қызметінен . 


Еске салсақ, бұл шара пилоттық жобаның екінші кезеңі. 2022 жылдың наурызында қоғамдық көлікке бөлінген жолақтар бойынша жол қозғалысын ұйымдастырудың қолданыстағы сызбасына өзгеріс енгізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.