{metadescription}
Атырау ауасында күкіртті сутек пен көміртегі оксиді тағы да нормадан асып кетті

Атырау ауасында күкіртті сутек пен көміртегі оксиді тағы да нормадан асып кетті

Атырауда күкіртті сутек пен көміртегі оксидінің нормадан асқаны тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа сапасын бақылайтын 34 станса бар.

Оның ішінде «Қазгидромет» АҚ өңірлік филиалының балансына 11 станса алынған.

Ал 4 станса Атырау мұнай өңдеу зауытына тиесілі болса, 19 стансаға «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясы иелік етеді.

Департамент басшысының орынбасары Сырым Тілегеновтің дерегіне жүгінсек, ауадағы жағымсыз иіс 24 наурызда біліне бастаған.

Мәселен, бүгін, 18 сәуірде «Восток» шағынауданындағы стансада күкіртті сутегінің мөлшері бір текше метрге 8,6 мкг болып тіркелген.

Ал, басқа шағынаудандарда бұл көрсеткіш 2-3,8 мкг аралығында болған.

Ауа сапасының нашарлауына әсер ететін көміртегі окисдінің мөлшері де нормадан асқанын байқауға болады.

«Нұрсая» шағын ауданындағы ауа сапасын бақылайтын стансада текше метрге 3293 мкг мөлшерін көрсетіп тұр.

Мұндай нормадан тыс жоғары концентрациялар қаланың өзге шағынаудандарында да байқалған. Оның ішінде азот диоксиді де бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде