Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Президент бағаның күрт өсімін тежеуге қатысты тапсырма берді
Көкөніс қоймаларының инфрақұрылымын құру бағытында бизнеске көмектесу қажет.
Фото: akorda.kz
12:18 19.04.2023
Бұл туралы елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Президент көкөніс қоймаларының, көтерме-тарату орталықтарының және ауылдық сервистік өткізу кооперативтердің инфрақұрылымын құру бағытында бизнеске көмектесу қажет екенін айтты.
«Бұл – мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігі үшін зор мүмкіндік. Жақында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғаринге бұл мәселе бойынша тиісті тапсырмамды бердім. Агроөнеркәсіп кешеніне қатысты мәселенің бәрі басқа салаларға да қатысты екенін ұмытпаған жөн. Тағы да қайталап айтамын. Жоғары өнім алуды қамтамасыз ету керек. Ашық бәсекелестік болуға тиіс. Бір сөзбен айтқанда, осы саладағы басты түйткілдерді дереу шешу керек. Сонда ғана бағаның күрт өсімін тежеуге мүмкіндік туады», - деді Мемлекет басшысы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram