Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Талдықорғанның білім бөлімі қызметкерлері сөмке-сөмке ақшамен ұсталды
Антикор Талдықорғанның білім бөлімі қызметкерлерінің сөмке-сөмке ақшамен ұсталған видеосын жариялады.
Фото: Видеодан алынған кадр
14:40 19.04.2023
«Талдықорған білім бөлімінің қызметкерлері миллиардтаған қаржы ұрлады деген күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен Талдықорған қаласының білім бөлімінің қызметкерлерін ұстады. Оларға білім беру саласында іс жүзінде жұмыс істемейтін үлестес тұлғалардың пайдасына өтеусіз қаржы аудару арқылы аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлаумен айналысқан деген күдік келтіріліп отыр. Алдын ала келтірілген залал сомасы шамамен 2 млрд теңгені құрады», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің хабарламасында.
Қазіргі таңда істің мән-жайына тиесілі 29 жылжымайтын мүлік нысанына, қымбат автокөліктерге тыйым салынды. Күдікті адамдар ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram