{metadescription}
0:000:00

Астанада құрылыс басында кран құлап кетті

Астанада кран құлады, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті.

19 сәуір таңғы сағат 09:25 шамасында Астана қаласы Ақын Сара көшесі, 53 мекенжайында орналасқан Inshaat Invest ЖШС «Кіріктірілген үй-жай мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені» құрылыс учаскесінде жүкті көтеру кезінде QTZ-63 мұнара кранының секциясы бұзылды.

Кранның иесі - Капитал ЖК. Зардап шеккендер жоқ. Аварияның алдын ала себебі - шамадан тыс жүктеме.

Қазіргі уақытта оқиға орнында өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Департамент пен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен аварияны тергеу жөніндегі комиссия құрылады.

Тергеу нәтижесі қосымша хабарланады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.