Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Сенат Қазақстан-Түрікменстан арасындағы шекара режиміне қатысты заңды мақұлдады
Сенат депутаттары «Қазақстан Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңды мақұлдады.
Фото: turkmenmetbugat.gov.tm
11:03 20.04.2023
Бұған дейін Мәжіліс қабылдауынан өткен құжатты Сенат депутаттарына палатаның Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Әлішер Сатыбалдиев таныстырды.
«2021 жылғы 25 қазанда екі елдің үкіметтері арасында Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімге қол қойылды.
Бұл келісім арқылы жол мәселесі, өткізу пункттеріндегі жағдай және басқа да назар аударуды қажет ететін мәселелерде туындайтын барлық жағдайларды реттеу жоспарланып отыр.
Мемлекеттік шекараның режимі шекарада қолданылып жүрген ережемен мынандай тәртіпті құрайды: Біріншісі – мемлекеттік шекараны күтіп ұстау. Екіншісі – мемлекеттік шекара арқылы адамдардың, көліктердің, жүктердің және басқа да мүліктің өтуі. Үшіншісі – мемлекеттік шекара арқылы ұшуларды жүзеге асыру. Төртінші – мемлекеттік шекарада, шекаралық белдеулерде, сондай-ақ шекаралық суларда шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру. Бесінші – шекарадағы оқиғаны шешу», - деді Сенат депутаты.
Оның мәліметі бойынша қазір Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын қорғайтын бір шекара бөлімшесі, 4 шекара заставасы және радиолокациялық станциялармен жабдықталған 9 техникалық бақылау бекеті, 2 өткізу пункті жұмыс істеп тұр.
«Келісімде азаматтар мен жүк көліктерінің шекарадан өтуіне тиісті жағдай жасау үшін қажетті нормалар ескерілген.
Келісім Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимін белгілеуді және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін одан әрі нығайтуды көздейді. Өйткені мемлекеттік шекарада әртүрлі шекаралық қақтығыстар туындауы мүмкін. Ондай қақтығыстарды тараптардың шекаралық өкілдері қарайды.
Мысалы, шекаралық белгілерді бүлдіру, жаяу немесе көлік құралдарын қолдану арқылы; тараптардың шекарашыларымен келісуден өтпеген жергілікті тұрғындармен ауыл-шаруашылық жұмыс жүргізу кезінде, трансшекаралық нысандарда қызметкерлер мен жұмысшылар жұмыс жүргізу кезінде мемлекеттік шекараны бұзу; көршілес аумаққа үй жануарларын заңсыз өткізу; көршілес аумаққа өрттің өтуі барысында мемлекеттік шекараны бұзу болып табылады. Соңғы жылдары – пилотсыз ұшу аппараттарының көрші аумаққа заңсыз ұшып өтуі болуы мүмкін», - деді Әлішер Сатыбалдиев.
Комитет мүшесінің айтуынша, аталған шарт шектелмеген мерзімге жасалады. Тараптардың бірі екінші тарапқа оны тоқтату ниеті туралы жазбаша ақпаратты дипломатиялық арналар арқылы бергенге дейін жарамды болады.
Түрікмен тарабы бұл құжатты былтырғы сәуір айында ратификациялаған.
Сенат депутатттары заңды мақұлдау туралы шешім қабылдады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram