Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Теміртауда жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды
Теміртауда 40 жастағы тұрғынды көлік қағып, мерт қылды.
Фото: Depositphotos
13:14 22.04.2023
Қайғылы оқиға 21 сәуір күні 21.25 сағат шамасында Теміртау қаласындағы Чернышевский көшесінің бойында болған. Жаяу жүргіншілер өтуге болмайтын жерден жолды қиып өткен жолаушыны 20 жастағы жігіт басқарып келе жатқан «Hyundai Creta» көлігі қағып кеткен.
«Жол-көлік оқиғасының салдарынан 40 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды. Аталған дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады. Полиция департаменті жол қозғалысы қатысушыларынан жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram