{metadescription}
2032 жылға дейін тау-кен кәсіпорындарын дамытуға 259 млрд теңге инвестиция бағытталады

2032 жылға дейін тау-кен кәсіпорындарын дамытуға 259 млрд теңге инвестиция бағытталады

ҚР Үкіметі мен «Качары кені» АҚ инвестициялар туралы келісімге қол қоюы мүмкін. Тиісті құжат «Ашық» НҚА порталында жарияланды.

«Қоса беріліп отырған ҚР Үкіметі мен «Качары кені» АҚ арасында инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің жобасы мақұлдансын. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Кәрімжанұлы Қарабаевқа ҚР Үкіметі атынан «Качары кені» Акционерлік қоғамы арасындағы инвестициялық міндеттемелер туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін», - делінген құжатта. 

Келісімде жазылғандай, инвестор «Качары кені» АҚ міндеттеме аясында 2032 жылға дейін тау-кен өндірісі кәсіпрындарын дамытуға 259 млрд 046 млн теңге инвестиция салады.

Атап айтақанда, қаржы мына салаларға бағытталады:

- тау-кен өндіру және қайта өңдеу бөлімшелері үшін жабдықтар сатып алу – 178 млрд 403 млн теңге; 

- тау-кен саласындағы кәсіпорындаға күрделі жөндеу жасау үшін – 72 млрд 953 млн 153мың теңге; 

- IT жүйелерін енгізу, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бойынша тіркелген активтерді сатып алу, ауыстыру, құру үшін – 7 млрд 689 млн 847 мың теңге.

Келісім жобасы 5 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.