Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы облысында кәсіпкер 2 жыл бойы мемлекеттік актіні ала алмай жүрген
Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне 2 жыл бойы жер учаскесіне мемлекеттік актіні ала алмай жүрген кәсіпкер жүгінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: Depositphotos.com / Pressmaster
09:39 24.04.2023
Құжатты ала алмаудың себебі Кеңес заманында берілген құжаттарды (ҚазКСР Халық депутаттары Кеңесі атқару комитетінің шешімдері мен хаттамасы және ҚазКСР жер учаскесіне мемлекеттік актінің болмауы) талап ету болды.
Осыған ұқсас себеппен «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалының тіркеу және жер кадастры жөніндегі бөлімі ұзақ уақыт бойы жер учаскесіне мемлекеттік актіні беруден бас тартты.
Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жер кадастры филиалында уәкілетті органдармен көшпелі кеңес өткізді.
«Нәтижесінде, талап етілген құжаттар мемлекеттік актіні дайындау үшін негіз болып табылмайтыны белгілі болды. Кәсіпкерге деректер базасының мұрағаттық жазбасы негізінде жер учаскесіне мемлекеттік акт дайындалды. Кәсіпкердің құқықтары қорғалған» ,- делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram