Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда бардың жанында түнгі төбелесті ұйымдастырған азамат ұсталды
23 сәуірге қараған түні “102” пультіне Панфилов көшесінің бойындағы төбелес туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: ҚР ІІМ
11:17 24.04.2023
"Іс жүргізу барысында екі жас жігіт арасындағы жанжал төбелеске ұласып кеткені белгілі болды. 38 жастағы С. есімді азамат, 37 жастағы К. есімді азаматтың бетінен бірнеше рет ұрған. Күдікті ұсталып, ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша тергеліп жатыр. Бұл дерек бойынша тергеу жалғасып жатыр", деп хабарлайды Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram