Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Азаматтар 600-ден астам атыс қаруын өз еркімен полицияға тапсырды
Азаматтар полицияға 600-ден астам атыс қаруын өз еркімен тапсырды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: Ашық көздерден алынған фото
12:16 24.04.2023
«Ішкі істер министрлігінің жыл сайын өткізетін заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды халықтан сатып алу акциясы жалғасуда. Ол 10-сәуірде басталды. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 88 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Екі апта ішінде ішкі істер органдарына 488 азамат жүгінді. Олар 600-ден астам атыс қаруын, 2,5 мыңнан астам оқ-дәріні өз еркімен тапсырды», - деді Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.
Министрлік өкілінің айтуынша, қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін республикалық бюджеттен қарудың техникалық жағдайына байланысты оның әрбір бірлігі үшін 34 мыңнан 345 мың теңгеге дейінгі сомада төлем көзделеді.
«Қару-жарақ қабылдау әрбір аумақтық полиция органында жүргізіледі», - деді ол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram