Ақтөбеде тағы бір әйел көпқабатты үйден секіріп кетті
Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылы бойында орналасқан көпқабатты үйдің бірінен 27 жастағы әйел секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: objectiv.tv сайтынан алынды
15:13 24.04.2023
«Әбілқайыр хан даңғылы бойында орналасқан үйден 1996 жылы туған әйел секіріп кетті. Ол 8-қабаттан секірген. Қазір себебін анықтау жұмысы жүріп жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбе қаласындағы 25 қабатты үйдің 18-ші қабатынан екі әйел секіріп кетті. Оның бірі 31, екіншісі 56 жаста. Оқиға 24 сәуір күні сағат 01:48 шамасында болған.
Патрульдік полиция қызметкерлері үйге кірер есіктің алдынан екі әйелдің денесін тапты. Қылмыстық кодекстің «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!