Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Оралда Жеңіс күніне орай майдангерлерге 1,5 млн теңгеден беріледі
Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазіргі таңда облыс орталығында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 13 ардагер тұрады, деп жазады ҚазАқпарат.
Фото: inszyby.com
14:23 25.04.2023
Олардың әрқайсысына 1,5 млн теңгеден тиеді.
«Сонымен қатар майдангерлерден бөлек, 15 санат бойынша бір жолғы төлемақы беріледі. Олардың арасында тыл еңбеккерлері, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілер, Ленинград қоршауда болғанда жұмыс істеген азаматтар, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, жаралануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер, Чернобыль, Ауғанстан, Таулы Қарабақ қақтығыстарының қатысушылары бар. Жалпы, Орал қаласында Жеңіс күніне орай барлығы 2808 адамға 175 млн теңге көлемінде төлемақы бөлінді», - деп хабарлады ведомстводан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram