Алматы облысында ағашқа соғылған көлік екіге бөлініп кетті
Алматы облысында ағашқа соғылған көлік екіге бөлініп кетті. Жантүршігерлік апаттың видеосы желіге жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
15:00 25.04.2023
«Міне, ағашқа соғылған көліктің жартысы бір жақта, екінші жартысы бір жақта жатыр. Абай болыңыздар. Жылдамдықты асырсаңыздар, жағдай осылай болады», - дейді видеоны түсірген автор.
Көлік апаты Алматы-Бішкек тасжолының 33-ші шақырымында болған.
«24 сәуір күні «Мерседес» көлігінің 61 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылған. Салдарынан жүргізуші түрлі дене жарақатын алып, Қаскелеңдегі орталық аудандық ауруханаға түсті. Көлік апатының мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!