{metadescription}
Риддерде екі полицейді ұрып-соққан ер адам сотталды

Риддерде екі полицейді ұрып-соққан ер адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында екі полицейді ұрып-соққан ер адам 3 жылға бас бостандығынан шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім болғандай, Риддер қалалық полиция бөлімінің фронт-кеңсесіне келген ер адам тәртіп сақшыларын боқтаған. Онымен қоймай екі полицейдің бетіне соққы жасады. Осыған байланысты сот ісі Риддер қалалық сотында қаралды. Сот барысында айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындады.

«Сот шешімімен ер адам ҚР Қылмыстық Кодексінің 380-бабы 4-бөлігі 1-тармағы (билік өкіліне қарсы өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану) және 378-бабы 1-бөлігімен (билiк өкiлiн қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қорлау) кінәлі деп танылды. Оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді», - делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде