Қазақстан аумағында жер сілкінді
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 25 сәуір күні Алматы уақытымен сағат 13.24-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: mail.kz
15:21 25.04.2023
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 1874 км қашықтықта Қазақстан аумағында орналасты. Энергетикалық санаты – 11,3. MPV магнитудасы – 5,4.
Тереңдігі – 10 км. Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!