Батыс Қазақстанда магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі тіркелді
Маңғыстауда магнитудасы 4,7 жер сілкінісі болды.
Фото: bigox.kz
15:45 25.04.2023
«Жерасты дүмпуі Астана уақыты бойынша сағат 13:25-те тіркелді. Эпицентрі Форт-Шевченкодан солтүстік-шығысқа қарай 187 шақырым және Шетпеден солтүстікке қарай 104 шақырым жерде орналасқан. Ошақ 10 шақырым тереңдікте жатты», - делінген мәліметте.
Облыс тұрғындары жер сілкінісі сезілгенін бірден әлеуметтік желіде жазды.
«Жер сілкінісі дүмпуін сезіндім. Сегізінші қабатта тұрамыз. Еден дірілдеп, жарық шамдары қозғалды», - деп жазады Ақтау қаласы шағын аудандарының бірінің тұрғыны Аманкелді Байзрахман.
Бұл жер сілкінісінен кейін өңірде ешқандай залал туралы ақпарат тіркелмеген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!