Марат Мурзиев Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Бүгін Президент Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Марат Мурзиев Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
15:26 28.04.2023
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ол бұған дейін Құрманғазы ауданының әкімі лауазымын атқарған.
Марат Бисенғалиұлы Қазақ гуманитарлық-заң университетін заңгер, Т.Рысқұлов атындағы жаңа экономикалық университетін экономист мамандығымен бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы Атырау табиғатты қорғау прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.
2004 жылы Атырау қаласы прокурорының көмекшісі, 2006-2009 жылдары заңгер, түрлі компаниялардағы қоғаммен байланыс жөніндегі менеджер қызметінде болған.
2009 жылы Батыс Қазақстан облысындағы Шыңғырлау ауданы әкімінің аппаратында әкімнің кеңесшісі болып жұмыс істеді.
2010-2011 жылдары – Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының бөлім басшысы, Атырау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі, 2012 жылы – Атырау облысы әкімі аппараты басшысының құқықтық қамтамасыз ету және бақылау жөніндегі орынбасары, 2013 жылы – Атырау облыстық Тексеру комиссиясының төрағасы.
Ал, 2017 жылы Исатай ауданының әкімі, 2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін Құрманғазы ауданының әкімі лауазымын атқарды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!