{metadescription}
Кінәлі емеспін: Серік Күдебаев сотта соңғы сөзін айтты

Кінәлі емеспін: Серік Күдебаев сотта соңғы сөзін айтты

Серік Күдебаев сотта соңғы сөзін айтты. Ол өзінің айыпты емес екенін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен кінәлі емеспін. Халқыма оқ атпадым. Сот алдындағы процестерде жасаған әрекеттерімнің барлығы заңды екенін айтқанмын. Ешқандай азаптау болған жоқ. Жәбірленушілердің өздері оны жоққа шығарды»,- деді Серік Күдебаев соттағы соңғы сөзінде.

Сот сағат 15:00 ге ауыстырылды. Сол кезде үкім шығады деп күтіліп отыр.

Бүгін сағат 11:00-де өтуі тиіс сот отырысы бірнеше сағатқа кешігіп басталды. Серік Күдебаевты сот залына арнайы күзетпен жеткізді.

Түскі сағат 13:25-те сот отырысы басталды.

Процесс басталмас бұрын Серік Күдебаевтың ұлы Арман Мырзақұлов әкесін «елге өз еркімен келді» деген мәлімдеме жасаған болатын.

Серік Күдебаевқа билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды және азаптауға қатысы бар деген айып тағылған.

Соттың тәртібін бұзып, шекараны заңсыз өтіп, елден қашып кеткені үшін Серік Күдебаевтың қанша жыл жаза арқалайтынын сот шешеді.

3 сәуірде Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Алайда, күдіктінің ел аумағынан тысқары бой тасалағанын шекара қызметі наурыздың 27-і күні бір-ақ білген.

Бас прокуратура Серік Күдебаевтың қашып кету фактісіне орай қылмыстық іс қозғады.

Ал 27 сәуір күні Күдебаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты Бас прокуратура растады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде