{metadescription}
ШҚО: Прокуратураның араласуынан кейін ауаны ластаған кәсіпорынға салынған айыппұл 174 есе көбейтілді

ШҚО: Прокуратураның араласуынан кейін ауаны ластаған кәсіпорынға салынған айыппұл 174 есе көбейтілді

Шығыс Қазақстан облысында прокуратураның араласуынан кейін ауаны ластаған кәсіпорынға салынған айыппұл 174 есе артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО сотының мәліметіне сүйенсек, Алтай ауданындағы кәсіпорын ауаға шығарылған зиянды заттар мөлшерін рұқсат етілген шектен асырып жіберген. Сол үшін кәсіпорынға мемлекеттік экологиялық инспектор 256 615 теңге мөлшерінде айыппұл салды. Алайда іске прокуратура араласып, айыппұлды 44 824 241 теңгеге көтеруді сұрады.

«Сот барысында компания өкілі өз кінәларын мойындады. Алайда сот экологиялық инспектордың залалды бағалау кезінде бұзушылықтың барлық кезеңін есепке алмағанын, сол үшін айыппұлды айтарлықтай азайтқанын анықтады. Заңнамаға сәйкес, ластаушы заттардың нормадан тыс шығарындылары нәтижесінде келтірілген залалды бағалау мемлекеттік экологиялық бақылау барысында жүргізілген соңғы тексеруден бастап талап қою мерзімі өткенге дейінгі кезеңге дейін созылады. Осыған байланысты аудандық сот шешімімен ШҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының наразылығы қанағаттандырылды», - делінген ақпаратта.

Енді ауаны ластаған кәсіпорын 256 мың теңгенің орнына 44,8 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Яғни, айыппұл мөлшері 174 есе артты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.