{metadescription}
Өскеменде қалтасынан марихуана табылған ер адам 20 сағат көше сыпырады

Өскеменде қалтасынан марихуана табылған ер адам 20 сағат көше сыпырады

Өскемен қалалық №2 сотында марихуанамен ұсталған ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқПарат.

ШҚО соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ер адам осы жылдың ақпан айында теміржол бекеті маңында кетіп бара жатқанда полиция қызметкерлері тоқтатқан.

Тексеру барысында оның қалтасынан 2,21 грамм кептірілген марихуана табылды.

«Сот барысында айыпталушы есірткіні сату мақсатында емес, жеке өзі пайдалану үшін сақтағанын жеткізді. Жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жай ретінде оның өз кінәсін мойындауы, заңсыз әрекетіне өкінетіні және бұрын сотты болмағаны ескерілді», - делінген ақпаратта.

Сот шешімімен кінәлі деп танылған айыпталушы 20 сағат көше сыпыруға міндеттелді.

Үкім заңды күшіне енді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде