Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді
«Жаңажол» газ өндеу зауытындағы өрт кеше сағат 15:55-те тұтанып, бүгін сағат 6:20-да сөндірілді. Қазір салқындату жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқПарат.
10:11 02.05.2023
Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер қызыл жалынның 20 тонналық 5 цистерна мен басқа да обьектілерге таралуына жол бермеді. Өртпен күрес жұмыстарын түнімен жүргізіп, сағат 6:20-да сөндірді. Қазіргі таңда салқындату жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Кеше сағат 15:55-те (Ақтөбе облысының уақыты бойынша) 112 пультіне
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ №2 газ өңдеу зауытының аумағы, Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің «Жаңажол» кен орнында қондырғы өртенгені туралы хабарлама түскен. ТЖД басшылығы аэровизуальды барлау жұмыстарын жүргізіп, жедел штаб құрылды. Өртті сөндіруге Ақтөбе облысы ТЖД және «Семсер өрт сөндіруші» ЖШС-нен 50-ден астам қызметкер мен 9 техника жұмылдырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram