{metadescription}
Елімізде 600 мың адам ауызсуға мұқтаж - Әлихан Смайылов

Елімізде 600 мың адам ауызсуға мұқтаж - Әлихан Смайылов

Елімізде 600 мыңнан астам адам таза ауызсу мәселесін шешуді талап етеді. Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов осындай дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқПарат.

Біздің алдымызда 2025 жылдың соңына дейін халықтың 100% таза ауызсумен қамтамасыз ету міндеті тұр. Қазір бұл көрсеткіш қалаларда - 98%, ауылдық елді мекендерде 94% құрап отыр.

Аса маңызды жұмыстардың бірі – елдегі су ресурстарының тапшылығын шешу. Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте атап өткендей, Қазақстан 2050 жылға қарай «суға өте мұқтаж» елдердің санатына кіруі мүмкін. Қазір елімізде 600 мыңнан астам адам таза ауызсу мәселесін шешуді талап етеді», - деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ Ә.Смайылов өзге өңірлерді қойып, Астананың өзінде су тапшылығы қатты сезіле бастағанын еске салды.

«Бұл ретте, суды үнемдеу маңызды мәселе болып отыр. Өкінішке қарай, көптеген азаматтарымыз суды үнемдегісі келмейді. Бұл мәселені шешу үшін саланы цифрландыру және тиімді тарифтерді енгізу қажет.
Осы мәселенің бәрін жаңа Су кодексі мен бағдарламалық құжаттарды дайындау кезінде ескеру қажет», - деді Әлихан Смайылов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.