Елімізде мүгедектікті растау жеңілдей түспек
Қазақстанда мүгедек екенін растау процесі жеңілдей түспек. Енді қағаз тасып, мекеме аралаудың қажеті болмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялық қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқПарат.
Фото: bessarabiainform.com
17:09 02.05.2023
«Біз Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп екі жыл бойы мүгедектікті сырттай куәландыру бойынша пилоттық жобаны іске асырып келеміз. Осы жұмыс аясында біз әріптестерімізбен бірге медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізілетін органдарға қағаз түрінде ұсынылуы қажет бірқатар құжат санын қысқарттық. Бұл бағытта алдымен проактивті режимге ауыстырылатын нозологиялардың тізімін кеңейтетін боламыз. Яғни медициналық-әлеуметтік сараптама құрылымдарына тікелей барудың қажеті болмайды. Осылайша мүгедектікті растау үшін жүгіріс азая түспек», - деді Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!