{metadescription}
Александр Бублик Франциядағы турнирдің екінші айналымына шықты

Александр Бублик Франциядағы турнирдің екінші айналымына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 55-ракеткасы Александр Бублик Францияда өтіп жатқан Экс-ан-Прованс челленджер турнирінің екінші айналымына шықты.

Жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 180-орында тұрған италиялық Риккардо Бонадиомен өткізді.

А.Бублик 7:6 (7:5), 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағат 37 минутқа созылған бәсеке барысында А.Бублик 10 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.

Қазақстандық спортшы екінші айналымда әлемнің 114-ракеткасы, финляндиялық Отто Виртаненмен шеберлік байқасады.

Экс-ан-Прованс додасы 7 мамырда мәреге жетеді.

Тағы бір қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Кальяри (Италия) челленджер турнирінің алғашқы айналымында сербиялық Никола Качичпен бірге аустриялықтар Александр Эрлер – Лукас Мидлермен ойнап, 6:7 (5:7), 4:6 есебімен жеңіліс тапты. Сөйтіп ширек финалға шыға алмады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде