{metadescription}
Шаңды дауыл, қатқақ, найзағай: ауа райы болжамы

Шаңды дауыл, қатқақ, найзағай: ауа райы болжамы

Қазгидромет мамандары 4 мамыр, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың батысында нөсер жаңбыр, кей уақытта найзағай мен бұршақ жауады.

Оңтүстік-шығыс пен шығыста жаңбыр мен қар түсуі ықтимал.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, батыста - шаңды дауыл, солтүстік-батыста тұман түседі.

Түнде Алматы, Жетісу, Қостанай облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында топырақ бетінде 1-6 градус үсік жүреді.

Түркістан облысының солтүстігі мен батысында, таулы аудандарында жел екпіні - 23-28 м/с, күндіз таулы аудандарда 30 м/с асады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.