{metadescription}
Астана дәрігерлері баланың асқазанынан бір уыс шаш алды

Астана дәрігерлері баланың асқазанынан бір уыс шаш алды

Елордадағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының дәрігерлері МӘМС жүйесі бойынша ота жасап, баланың асқазанынан «шашты ісік» алды».

Бұл жайында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры хабарлайды.

Шашты ісік – қорытылмайтын-сіңірілмейтін шаш массасының асқазан-ішек жолында жиналуының нәтижесі, содан іште кедергі пайда болады.

Рапунцель ертегілерінің ұзын шашты кейіпкерінің есімімен аталған «шаш жұту» синдромы - өте сирек кездесетін сырқат.

«Бұл ауру өте сирек кездеседі. Асқазанда жиналған шатасқан шаштың көп мөлшері трихобезоар немесе «шашты ісік» пайда болуына әкеліп соғады, асқазанды бірте-бірте «жауып-бітеп», оның жұмысына кедергі келтіреді. Мұндай ісік ұзын құйрықты асқазанның пішініне келеді, аш ішекке дейін жетеді. Ғылыми мәліметтерге сүйенсек, Рапунцель синдромы бар науқастардың жетпіс пайызы - жиырма жасқа толмаған қыздар», − деп түсіндірді №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы жоспарлы хирургия бөлімінің меңгерушісі Азамат Оразалинов.

Ауруханаға түскен баланың ата-анасы алдымен өз емханасына жүгінген, онда ФГДС арқылы тексеру жүргізген.

«Біз Атырау облысынан келдік. Бала 15 жаста, оқу жылы аяқталғанша Астанада тұрып жатырмыз. № 2 емханада тіркеудеміз. Бала мезгіл-мезгіл іші ауырып, тамақ ішкеннен кейін құсатын. Тексеру кезінде асқазанында трихобезоар анықталды. Содан №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жолдама беріп, порталға қойды. МӘМС жүйесінің арқасында қысқа мерзімде ауруханаға жатқызып, ота жасады. Бала қазір өзін жақсы сезінеді, сол үшін бәріне рахмет», - дейді әжесі Света.

Дәрігердің айтуынша, ұлдарға қарағанда қыздар Рапунцель синдромына жиі ұшырайды.

Әйелдердің шашы әдетте еркектерге қарағанда ұзын, сондықтан асқазанның шырышты қабатында қалып қою ықтималдығы жоғары.

Бала шашты жұтқан кезде ісік көлемі ұлғаяды және ол қорытылмайтын-сіңірілмейтін шаш жиынтығына айналады.

«Пациенттерде трихофагия белгілерінің пайда болуын, яғни олардың неге шаш жейтінін түсіндіретін көптеген теориялар бар. Мысалы, стресске қарсы құрал секілді, үнемі дұрыс тамақтанбау немесе салт-дәстүрдің әсері ретіндегі балалық негативизм. Трихофагия және пикацизм (тәбеттің бұзылуы және жеуге жарамсыз заттарды жегісі келетін бақылауға көнбейтін әдет - «қажеттілік») ағзасында темір жетіспейтін адамдарда кездеседі. Рапунцель синдромының кейбір ғылыми сипаттаған жағдайларында пациент құрамында темір бар препараттарды қабылдағаннан немесе целиакия сырқатынан емделгеннен кейін шаш жұлуды және жеуді қояды. Бұл аурудың ықтимал себептерін жоққа шығарған кезде міндетті түрде психологтың кешенді көмегі қажет. Өкінішке қарай, көп жағдайда хирургиялық әдіс шашты ісікті бір рет қана қалпына келтіретін және асқазан-ішек жолдары қалпына келтіретін жалғыз тиімді әдісі болып қала береді. Балаға біздің ауруханада жоспарланған хирургия бөлімінде ота (лапаротомия, гастротомия, асқазанның трихобезоарасын алып тастау) жасалды. Отаны Астана қаласының бас штаттан тыс балалар хирургы Ринат Бәйгереев жасады. Ота МӘМС жүйесі бойынша жүргізілді. Қазіргі уақытта бала дәрігерлер бақылауында», - деп қорытындылады №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының жоспарлы хирургия бөлімінің меңгерушісі Азамат Оразалинов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.