Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы облысының тұрғыны үйінде арыстанның екі абданын заңсыз ұстаған
Алматы облысында 22 жастағы тұрғын арыстанның 5 айлық екі абданын заңсыз ұстаған, деп хабарлайды Рolisia.kz.
Фото: Видеодан алынған кадр
11:39 04.05.2023
4 мамыр күні жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері сирек кездесетін жануарларды, атап айтқанда 5 айлық екі арыстанды заңсыз ұстаған 2001 жылы туған А. есімді азаматты әшкереледі.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Қарасай ауданының полициясында тіркелді.
Полиция қызметкерлері тексеруден кейін экзотикалық жануарларды тәркіледі.
Аталған дерек бойынша қылмыстық істі тергеудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram