Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қызылордада дүкеннің төбесі құлап, өзбекстандық азамат қаза болды
Қызылорда қаласында төбенің ағаш конструкциясы құлап, екі қабатты дүкенде құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан өзбекстандық азамат қаза болды.
Фото: ашық дереккөзден
19:08 04.05.2023
Оқиға бүгін, 4 мамырда сағат 15.11-де болды. Қызылорда қаласындағы Төреқұлов көшесі бойында жаңа салынып жатқан екі қабатты дүкен төбесінің ағаш конструкциясы құлап кеткен.
«Оқиға орнында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан Өзбекстан Республикасының 1996 жылғы азаматы сол жерде қаза болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Жедел құтқару жасағының күшімен мәйіт үйінді астынан шығарылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram