Су тасқынынан 176 адам қаза болды
Конго Демократиялық Республикасының шығысында орналасқан Оңтүстік Киву провинциясында су басу салдарынан қаза болғандар саны 176 адамға жетті.
Фото: aa.com.tr
11:06 06.05.2023
Бұл туралы провинция губернаторы Тео Нгвабидже Каси мәлім етті.
Бушушу және Ньямукуби ауылдарында түні бойы нөсер жауын жауып, Чибира өзені арнасынан тасыған. Аумақ тұрғындарының дені із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұр. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған дейін апаттан 72 адам мерт болғаны туралы жазылған еді.
Тропикалық климат белдеуінде орналасқан Конго Демократиялық Республикасында жаңбыр маусымы кезінде қайғылы жағдайлар жиі болады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!