{metadescription}
БҚО полиция департаментіне жаңа басшы келді

БҚО полиция департаментіне жаңа басшы келді

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен полиция полковнигі Арман Оразәлиев БҚО полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Облыс активіне және полиция департаментінің жеке құрамына жаңа бастықты ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция генерал-лейтенанты Марат Қожаев таныстырды.

Арман Молдиярұлы Оразәлиев 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Құқық қорғау органдарында 1992 жылдан бері жұмыс істейді.

Оңтүстік Қазақстан облысында және Қазақстан Республикасы ІІМ-де жедел қызмет саласында түрлі басшылық қызмет атқарды.

Павлодар және Жамбыл облыстарында полиция департаментінің бастығы болды.

Осыған дейін ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымын атқарды.

Айта кетейік, БҚО полиция департаментін жеті жылға жуық басқарған Махсұдхан Аблазимов Қызылорда облысына дәл осындай қызметке ауысты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде