Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
«Қазгидромет» еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады
«Қазгидромет» РМК-сы еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады.
09:01 15.05.2023
Кәсіпорынның болжамынша, 15 мамырда Алматы облысының таулы, тау етегіндегі аудандарында найзағай ойнап, батыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 мтерге жетеді, екпіні 17-22 м/с болады.
Алматыда күндіз найзағай ойнайды.
15 мамырда түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жүреді.
Көкшетауда 15 мамырда түнде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.
15 мамырда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнайды.
15 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман түседі. Батыстан жел соғады күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
15 мамырда түнде және таңертен Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
15 мамырда Абай облысында жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде ыладығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың батысында 1 градус үсік жүреді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік жүреді.
Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шымкентте солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түркістанда 15 мамырда солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
15 мамырда Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с-ке жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылордада 15 мамырда төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз 15 мамырда Маңғыстау облысының шығысында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Түнде 15 мамырда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жүреді.
Астанада түнде 15 мамырда топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
15 мамырда Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с.
Талдықорғанда 15 мамырда түнде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
15-16 мамырда түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, 3 градус үсік жүреді.
Павлодарда 15 мамырда түнде топырақтың бетінде 3 градус үсік жүреді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram