Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда футбол жанкүйерлері жанжал шығарды
Алматыда Орталық стадионда өткен жергілікті «Қайрат» және «Ақтөбе» командалары арасындағы футбол матчы жаппай тәртіпсіздікпен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқПарат.
Фото: norma.uz сайтынан алынды
11:28 15.05.2023
Оның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Бейнежазбадан тәртіп сақшылары футбол жанкүйерлерін ұстап жатқаны көрінеді.
Алматы қалалық Полиция департаменті орталық стадионда футбол ойыны кезінде тәртіпті алдыңғы саптағы бөлімшелер мен полицияның біріктірілген жасақтарының қызметкерлері қамтамасыз еткенін мәлімдеді.
«Қоғамдық тәртіпті одан әрі бұзудың алдын алу мақсатында командалардың жанкүйерлерімен құқықтық түсіндірме жүргізілді»,- деп хабарлады ведомстводан.
Айта кетейік алматылық «Қайрат» футбол клубы «Ақтөбе» командасын 2:1 есебімен жеңді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram