Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда атылып шыққан кәріз құдығының люгі көлікті зақымдады
Алматыда жол жиегінде орналасқан кәріз құдығының қақпағы қысыммен атылып шығып, қала тұрғынының көлігін зақымдады. Енді ол шығынды кімнен өтеп аларын білмей дал, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
16:16 15.05.2023
Кәріз қақпағы атылып шығып, жеңіл автокөлікті зақымдағаны туралы видео әлеуметтік желіде тарады.
«Атылып ұшқан кәріз қақпағы көлігімді қиратты. Көлікпен өтіп бара жатқан және жаяу адамдардың сөзінше, кәріз қақпақтары жолдың қарсы бетінде және Саин-Рысқұлов көшелерінің қиылысы тұсында да ұшып шыққан (мұнда да көлік бүлінген).
Шамасы кәріз жүйесінде газ атылған болса керек. Енді көлігімнің шығынын кім өтейтінін білмеймін», - деп жазды көлік иесі желіде.
Осыған байланысты «Алматы Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берді. Компанияның мәліметінше, зақымдалған көлікті «Алматы Су» МКК қалпына келтіретін болады.
«10 мамырда Саин даңғылындағы автотұрақта тұрған автокөлік су бұру жүйесінде орнатылған жабық кәріз құдығынан ұшып шыққан люктің салдарынан зақымданды. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Болған жағдайдың себебін анықтау үшін арнайы ішкі комиссия құрылды. Зақымдалған автокөлік ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен «Алматы Су» МКК көмегімен қалпына келтіріледі», - деп хабарлады компаниядан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram