{metadescription}
Жүк тиелген көлік пен фургон соқтығысып, 26 адам қаза тапты

Жүк тиелген көлік пен фургон соқтығысып, 26 адам қаза тапты

Мексиканың солтүстігіндегі Тамаулипас штатында трассада тіркемесі бар жүк көлігі мен фургон соқтығысып, 26 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тамаулипас штаты Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің мәліметінше, қос көлік штат астанасы Сьюдад-Викторияға жақын маңда соқтығысып, өртенген.

Оқиға орнына келген полицейлер тіркемесі бар жүк көлігі күлге айналғанын көрген. Тамаулипас прокуратурасындағы дереккөздің айтуынша, тергеушілер жүк көлігінің жүргізушісі қашып кетті ме, әлде апат кезінде қаза тапты ма – білмейді. Болжам бойынша жеке көлік компаниясына тиесілі фургон жолаушыларының арасында балалар да болған. Апат құрбандарының бәрі мексикалықтар болған тәрізді, себебі оқиға орнында солардың жеке куәліктері табылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.