Павлодар тұрғыны күшікті 3-қабаттан лақтырып жіберген
Көпқабатты үйдің терезесінен күшікті лақтырып жіберген павлодарлық анықталды, деп хабарлайд ҚазАқпарат.
18:28 15.05.2023
«Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде павлодарлықтар терезеден күшікті лақтырып жіберген көршісіне шағымданғаны анықталды. Видеоны Павлодар қаласының полиция қызметкерлері тексерді.
12 мамыр күні Торайғыров көшесіндегі үйдің ауласына 54 жастағы қала тұрғыны күшікті үшінші қабаттың терезесінен лақтырғаны анықталды.
Ер адам мас күйде болғандықтан, Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!