{metadescription}
Үш айда 3,8 мың жұп ажырасқан

Үш айда 3,8 мың жұп ажырасқан

Бірінші тоқсанда 3,8 мың ерлі-зайыпты заңды некесін бұзған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биылғы үш айда ел өңірлерінде 24,5 мың неке тіркелді. Бұл 2022 жылдың үш айымен салыстырғанда 10,6% төмен. Некелесу коэффициенті 1000 адамға 5,0 некені құрады.
Сондай-ақ осы кезеңде 3,8 мың жұп ажырасқан (АХАТ органдарының дерегі бойынша соттардың некені бұзу туралы шешімдерін есепке алмағанда). Бұл 2022 жылғы кезеңнен 5,6% аз. Ажырасу коэффициенті 1000 адамға 0,79 құрады.
Айта кетейік, Ұлттық статистика бюросы 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша халық саны 19 832 737адамды құрағанын мәлім етті. Оның ішінде қала тұрғындары – 12 259 453, ауыл тұрғындары – 7 573 284 адам. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде