Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Елена Рыбакина Моника Селеш пен Мария Шарапованың жетістігін қайталады
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 1968 жылдан бері бір маусымда Аустралия ашық чемпионаты және Индиан-Уэллс, Майами және Рим WTA 1000 турнирлерінің финалына шыққан үшінші ойыншы атанды.
Фото: sports.kz
14:53 20.05.2023
Бұған дейін мұндай табысқа әлемнің бұрынғы бірінші ракеткалары, америкалық Моника Селеш 1991 және ресейлік Мария Шарапова 2012 жылы жеткен еді.
Е.Рыбакина бүгін Рим мастерс турнирінің финалында әлемнің 47-ракеткасы, украиналық Ангелина Калининамен ойнайды. Оны жеңген жағдайда қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте рекордтық нәтижеге қол жеткізіп, төртінші орынға көтеріледі.
Финалдық матч Астана уақытымен сағат 23.00-де басталады.
Қарсыластар өзара бір рет кездескен. 2022 жылы Чарльстон WTA 500 жарысының екінші айналымында А.Калинина 6:4, 2:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Е.Рыбакинаның мәлім еткеніндей, қос теннисші бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram