{metadescription}
Меркі ауданында демалыс аймағындағы өрт сөндірілді

Меркі ауданында демалыс аймағындағы өрт сөндірілді

Жамбыл облысының Меркі ауданында демалыс базасында тұтанған өрт толығымен өшірілді, деп хабарлайды ҚазАқПарат.

Мәлім етілгендей, жалын 400 шаршы метр аумақты шарпыды.

«Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күшімен (37 қызметкер және 12 техника) 21 мамыр күні, сағат 00.13-те оттың таралуы тоқтатылып, 01.25-те толығымен жойылды.

Алғашқы бөлімшенің жеткен уақыты – сағат 22.16 (арақашықтық 14 шақырым).

Өрт салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер тіркелген жоқ», - делінген ТЖД хабарламасында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.