Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Риддер тұрғындарының мәйітхана жұмысына қатысты шағымына ресми жауап берілді
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы тұрғындарының мәйітхана жұмысына қатысты шағымына ресми жауап берілді, деп хабарлайды ҚазАқПарат.
15:06 21.05.2023
Соңғы күндері әлеуметтік желіде Риддер тұрғындары қалалық мәйітхананың жұмысына қатысты шағымданған болатын. Олар мәйіттерді ашу процедурасының Риддерде емес, Өскеменде жүргізілетінін, соның салдарынан шығынға бататындықтарын алға тартқан.
Осыған орай ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді.
«Риддерде екі бірдей ведомство бір ғимаратта орналасқан. Атап айтқанда, Риддер патоанатомиялық бюросының бөлімшесі мен сот-медициналық сараптама орталығының филиалы. Патоанатомиялық бюро штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Онда зорлық-зомбылықтан көз жұмды деген күдікке ілінбеген адамдардың мәйіті жатқызылады. Сол жерден мәйіт ешқайда апарылмайды, оны ашу тегін жүргізіледі», - делінген ақпаратта.
Ал мәйіттен қылмыстық сипат байқалса, онда сот-медициналық сараптама орталығына жіберіледі.
«Риддердегі бұл орталық Өскеменде орналасқан бас орталықтың бөлімшесі болғандықтан, мәйіттерді Өскемен қаласына жеткізу керек», - деп түсіндірді ведомство өкілдері.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram