Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Абай облысындағы табиғи өрт оқшауланды
Әуе және жерүсті техникасын қолдана отырып, шұғыл қабылданған шаралардың, сондай-ак өртке қарсы бөлімшелердің тәулік бойғы жұмысының нәтижесінде Абай облысындағы табиғи өртті 25 мамыр күні кешке оқшауланды.
Фото: gov.kz
11:38 26.05.2023
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес жергілікті аймақта тұрақты аэровизуалды тексеру жалғасуда.
«Өрт орнын түрлі құралдарды қолдана отырып, қарауылдау ұйымдастырылған. Орман өртін сөндіруге жеке құрамның 800-ден астам адамы, 200-ден астам техника, 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған. Сондай-ақ 10 тікұшақ - ТЖМ-нен - 5, Қорғаныс министрлігінен - 3, Экология министрлігінен -2 тікұшақ тартылды. Барлығы 357 892,5 тонна су төгілді», - деп жазды министрліктен.
Өртті оқшаулаудың жалпы ауданы шамамен 3500 га құрады.
Секундына 6-10 метр екпінді желдің салдарынан, өртті сөндіру жұмыстары қиындады. Сондай-ақ тығыз өсетін дақылдар мен тұзды жерлер де өрттің өршуіне әсер етуде.
Қазіргі уақытта жағдай бақылауда, техника мен жеке құрам жануды жою үшін жедел ден қоюды жалғастыруға дайын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram