Көкшетауда үш алып қалған студент қыз өзіне қол жұмсаған
Көкшетауда студент қыздың өліміне байланысты іс қозғалды.
13:14 26.05.2023
Бейресми мәліметтер бойынша қыз Көкшетаудағы педагогикалық колледжде оқыған. Ағылшын пәнінен емтиханда төмен баға алғандықтан осындай әрекетке барған көрінеді.
Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінен студент қыздың қайтыс болғанын растады және осы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқандығын атап өтті.
«Қылмыстық кодекстің 105-бабы «өлімге итермелеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алдын ала анықталған мәлімет бойынша, қыз өзіне-өзі қол жұмсаған және артында жазба қалдырған. Қазіргі уақытта бұл қылмыстық істі тергеу жалғасуда», - деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі Әсем Әбдірахманова.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!