Оралда көпқабатты үйден өрт шығып, 6 бала құтқарылды
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 31 мамыр күні сағат 10.25-те «Құрылысшы» шағынауданында болды.
Фото: БҚО ТЖД
15:09 31.05.2023
«Төртінші қабатта орналасқан балконда жеке заттар, есік, терезе жақтауы отқа оранды. Өрт аумағы 20 шаршы метрді құрады. Оқиға орнынан 7 адам эвакуацияланып, 2, 3, 4 және 5-қабаттан автосаты арқылы 6 бала құтқарылды. Зардап шеккендер жоқ. «Тілсіз жау» сағат 10-45-те оқшауланып, 11.14-те сөндірілді. БҚО ТЖ департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керектігін еске салады», - деп хабарлады ведомстводан.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!