БҚО-да белгісіз біреу автокөлікті жағып жіберген
Батыс Қазақстан облысында белгісіз біреу «Тойота Камри» автокөлігін жағып жіберген.
13:50 01.06.2023
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 31 мамыр күні Жаңақала ауданы орталығы Жаңақала ауылында болды.
«Шамамен сағат 05.00-де Тәуелсіздіктің 20 жылдығы көшесі 14-үй жанында белгісіз біреу 1985 жылғы әйелге тиесілі «Тойота Камри» автокөлігіне қасақана от қойған. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 202-бабы 2-бөлігіне (өрт қою арқылы бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі жалынның өрт сөндірушілер барғанша өшірілгенін жеткізді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!