Үндістанда пойыздардың соғысу себебі айтылды
ндістандағы пойыздардың соғысуына электронды дабыл жүйесіндегі қателік себеп болды. Соның салдарынан пойыз жолды дұрыс ауыстырмаған, деп хабарлайды ҚазАқПарат.
19:06 04.06.2023
Euronews агенттігінің мәліметінше, мұндай деректі Үндістанның теміржол көлігі министрі мәлім еткен. Ал ел Премьер-Министрі кінәлілер жазаға тартылатындығына уәде беріп отыр. Қазіргі уақытта тергеу пойыз апатына кінәлілерді анықтап жатыр.
Қайғылы оқиға жұма күні елдің шығысындағы Одиша штатында, Баласор қаласы ауданында болған. Нақтыланған деректерге сәйкес, 3 пойыздың соғысуы салдарынан 300-ден астам адам мерт болған. Дегенмен, ел билігі қаза тапқандардың саны артуы мүмкін екендігін де жоққа шығармайды. Мұнан бөлек, жүздеген жолаушы жарақат алған.
2 маусым күні болған апат Үндістан тарихындағы адам шығыны бойынша үшінші теміржол апаты саналады. 1981 жылдың 6 маусымында Бихар штатында жолаушылар пойызы өзенген құлаған еді. Соның салдарынан кемінде 750 адам мерт болған. Ал 1995 жылдың 20 тамызында Уттар-Прадеш штатында «Пурушоттама экспресі» жолда тұрған жолаушылар пойызына соғылып, 350-ден астам адам қаза тапқан болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сб
Жс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
Серіктестер жаңалықтары