Қор нарығында доллар бағамы тағы төмендеді
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді.
18:27 07.06.2023
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,10 теңгеге төмендеп, 1 доллар 446,65 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 7 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 447,71 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 445 теңге, сатып алу – 448,5 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 445 теңгеден болса, сатып алу – 449.
Алматыда Ресей рублі 5,41-5,61 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,42-5,52 теңгеден сатылымда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!