{metadescription}
Бүгін Шымкенттен Делиге ұшуы тиіс ұшақ 13 сағатқа кешігеді

Бүгін Шымкенттен Делиге ұшуы тиіс ұшақ 13 сағатқа кешігеді

Бүгін сағат 08:20-да Шымкенттен Делиге ұшуы тиіс FlyArystan әуекомпаниясының рейсі шамамен 13 сағатқа жуық кешігеді.

«8 маусым күні сағат 08:20-да орындалатын КC7469 Шымкент - Дели рейсі өндірістік қажеттілікке байланысты кешіктіріледі. Рейс Шымкент қаласының жергілікті уақыты бойынша 8 маусымда сағат 21:40-та ұшады деп жоспарланып отыр. Сәйкесінше, КС7470 Дели - Шымкент рейсі Дели уақытымен 9 маусым сағат 00:50-ге шегерілді», - делінген компанияның Telegram арнасында жарияланған хабарламада.

Айта кетейік, заң талабы бойынша рейс 2 сағаттан артық кешіктірілген кезде жолаушыларға сусындар, 5 минуттан аспайтын 2 телефон қоңырауын немесе 2 электронды пошта хабарламасын жолдау мүмкіндігі ұсынылады.

Ал 4 сағаттан артық кешіктірілгенде ыстық тамақ беріледі.

5 сағаттан аса кешіктіргенде бір рет тегін әуе билетінің уақытын өзгерту мүмкіндігі ұсынылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде