{metadescription}
Мемлекет басшысы белгілі экономист Нуриэль Рубиниді қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысу үшін келген белгілі америкалық экономист, Нью-Йорк университетінің профессоры, Roubini Macro Associates консалтинг компаниясының директоры Нуриэль Рубиниді қабылдады.
18:12 09.06.2023
Президент Астана халықаралық форумына қатысып, әлемдегі сын-қатерлер туралы өзінің ой-пікірін ортаға салғаны үшін Нуриэль Рубиниге ризашылығын білдірді. Кездесуде жаһандық қаржы нарығындағы негізгі үрдістер талқыланды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!