Канадада бұрын-соңды болмаған орман өрті өршіп тұр
Канадада тарихта болмаған орман өрті тыйылмай тұр. Тілсіз жаудың салдарынан тіпті Нью-Йорк пен Вашингтонды қою түтін басқан.
Фото: REUTERS
16:28 10.06.2023
Маусымның басында тілсіз жау 8,1 миллион акр аумақты, оның ішінде 5,5 миллион акр орманды алқапты жалмады. Жағдайды ыстық, құрғақ ауа райы одан әрі қиындатып тұр.
Әзірге елде ТЖ қанша уақытқа созылатынын болжау мүмкін емес. Табиғи ресурстар министрі Джонатан Уилкинсон мұндай өрт Канада тарихында бұрын-соңды болмағанын мәлімдеді.
Дереккөз: sputnik.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!